Алматы, BAQ.KZ. Таиландтың астанасы Бангкокта болған сериялы жарылыстан үш адам зардап шекті. Бұл туралы Deutsche Welle баслымы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қаланың солтүстік бөлігінде болған жарылыстан көше тазалайтын екі адам қаза тапты. Жарылғыш зат үкімет кешені жанында жарылған, онда бірнеше министрлік орналасқан. Қалған екі жарылыс Силом іскерлік ауданындағы Skytrain станциясының жанында болған. Оның бірі қала ортасында орналасқан әйгілі 77-қабатты биік ғимарат маңында жарылған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде ғимарат маңында болған күзетші ауыр жарақат алған. Полиция бұл ауданды қоршауға алып, тексеру жүргізген.Сонымен қатар, тағы бірнеше бомбаның қойылғандығы туралы хабарламалар расталмаған. Таиландтың премьер-министрі Прают Чан-Оча жарылысқа қатысты жедел тергеу жүргізуді тапсырған. Ол жарылғыш заттарды қойған адамдарды айыптап, шенеуніктерге қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұйырды.
Әзірге ешбір ұйым жарылысты өз мойындарына алмады.