Банкаралық бірыңғай QR жүйесі қашан іске қосылатыны белгілі болды

Банкаралық QR жүйесі 2026 жылдың І тоқсанында жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 o-plati.by 14 Қараша 2025 2025, 11:42
14 Қараша 2025 2025, 11:42
595
Фото: o-plati.by

Банкаралық QR жүйесі 2026 жылдың І тоқсанында жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазір банктермен келісім жасалған, техникалық мәселелер шешіліп жатыр.

Айта кетейік, қазақстандықтар енді бірыңғай QR арқылы төлем жасай алады. Бұл жүйеде әзірге Қазақстанның ірі 6 банкі бар. Жыл соңына дейін тағы үш банк қосылады. Ал 2026 жылы бұл жүйемен елдегі бүкіл банк жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздегі барлық банк бірыңғай QR жүйеге қосылды.

Наверх