Банк секторы активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізді

28 Ақпан 2020, 17:37
1507
Бөлісу:
Банк секторы активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ЕДБ активтерінің сапасын бағалау жөніндегі жұмыс нәтижелерін ұсынды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 30 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 24 сәуірдегі тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып, 2019 жылы банк секторы активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізді.

АСБ бағдарламасына екінші деңгейдегі 14 банк қатысты, олардың үлесіне активтердің 87%-ы және банктердің жалпы несие портфелінің 90%-ы тиесілі. Қазақстан банктерінің жай-күйін бағалау Еуропа Орталық Банкінің әдіснамасына сәйкес Қазақстан нарығының ерекшелігіне аздап түзетулер енгізе отырып жүргізілді. Мұндай тәсіл алынған нәтижелерді ұқсас шетелдік бағдарламалардың нәтижелерімен салыстыруды қамтамасыз етті.  

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша АСБ нәтижелері жүйелік деңгейде, сол сияқты АСБ-ға қатысқан жекелеген банктер деңгейінде де капитал тапшылығының жоқ екенін растайды. AQR қатысушы банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ. АСБ-ға дейінгі ~105%-бен салыстырғанда АСБ түзетулерін ескере отырып шоғырландырылған деңгейде k1 капиталының реттеушілік минимумға қатысты артуы ~70%-ды құрайды. Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірде АСБ нәтижелері бойынша капитал қоры жүйелік деңгейде шамамен 800 млрд теңге болды. Орташа алғанда банктер бойынша капитал жеткіліктілігінің коэффициенті тәуекел бойынша сараланған активтер сомасының шамамен 13%-ын, ал ҚҰБ нормативі 7,5%-ды құрайды, - делінген хабарламада.
Осыған ұқсас АСБ нәтижелері бойынша k2 пруденциялық капиталының жүйелік деңгейдегі қоры тәуекелдерді пруденциялық тұрғыдан толық өтеуге (мәселен, ұжымдық резервтеу модельдерін бағалау бөлігінде және банктердің балансында жылжымайтын мүлікті қайта бағалауды ескере отырып) жеткілікті.

Ұлттық Банктің қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде капиталды толықтыру және тәуекелдерді шектеу міндеттемелерін қабылдаған банктер бойынша активтерді қорғаудың қосымша құралы айқындалды. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қажетті шешімдері қабылданды және әрбір қатысушы банкпен жасалған тиісті келісімдерге барлық тараптар қол қойды. Бағдарлама банк акционерлерінің міндетті түрде қатысуымен өтеусіз және ақылы негізде іске асырылады.   

АСБ іске асырылған уақытта аталған банктердің жаңа кепілдер қабылдау, проблемалық қарыздардың бір бөлігін өтеу, провизиялар мен есептен шығару арқылы шығындарды көрсету бөлігінде активтердің сапасын жақсарту бойынша елеулі жұмыс жүргізгенін ескере отырып шешімдер қабылданды. Бұл ретте банктер мен олардың акционерлері бағдарламаның бүкіл қолданылу мерзімі ішінде оларды Бағдарламадан тез арада шығаруға ынталандыратын қатаң міндеттемелер қабылдады, - делінген хабарламада. 
АСБ нәтижелері бойынша процестердің, деректердің, саясаттар мен банктер рәсімдерінің сапасын жақсарту бағыттары айқындалды. Ұсыныстар мен түзету іс-шараларын толық орындау банк салымшыларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, тәуекелдердің жинақталуын болдырмайды және қаржы жүйесінің ішкі және сыртқы күтпеген өзгерістерге орнықтылығын арттырады.
Банктер үшін түзету шараларының негізгі қағидаттары анықталды және қазіргі кезде банктің іс-шаралар жоспарында аталған шараларды қолданыстағы саясаттар мен рәсімдерде жан-жақты көрсету үшін нақтылануда. Бұл жұмыс 2020 жылғы наурыздың соңына дейін аяқталады. АСБ қатысушы банктер бойынша АСБ нәтижелері туралы қорытынды есеп 2020 жылғы 28 ақпанда сағат 17-00-де Агенттіктің сайтында жарияланады, - деді ведомствода. 

Агенттік WhatsApp немесе әлеуметтік желілер арқылы таратылатын дәйексіз және көрінеу жалған ақпаратты анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына берілетінін хабарлайды.    

Агенттік банк секторындағы ахуалға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты халықтың сұрақтарына шұғыл режимде түсіндірулер мен жауаптар берілетін "жедел желі" құрды (WhatsApp  +77089332780 нөмірі бойынша).

Өзгелердің жаңалығы