Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Банк картасын басқаға беру – енді тек қауіп емес, қылмыс

28 Шілде 2025, 11:32
945
Бөлісу:
 - архив/ Бауыржан Жуасбаев
VIDEO
Фото: - архив/ Бауыржан Жуасбаев

Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер туралы ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді, - делінген хабарламада. 

Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. 

Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді. 

Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті, - деп ескертті ІІМ. 

ІІМ қазақстандықтарға бірнеше ұсыныс жасады: 

  • ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз;
  • күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы