Банк картасын алаяқтардан қорғау тәсілдері. Маман кеңесі

1 Желтоқсан 2020, 11:14
11643
Бөлісу:
Банк картасын алаяқтардан қорғау тәсілдері. Маман кеңесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Роскачество» цифрлық сараптама орталығы жобасының жетекшісі Сергей Бодров банк картасын алаяқтардан қорғау тәсілдерімен бөлісті. Бұл туралы«Прайм» агенттігі хабарлады.

Біріншіден, сіз өзіңіздің картаңыздағы - жарамдылық мерзімі, үш таңбалы CVV коды және SMS растау кодтарын ешкімге айтпаңыз. Жалпы ешқандай төлем туралы айтпағаныңыз абзал. Егер сізге банктің қауіпсіздік қызметінен деп қоңырау шалса, дереу телефоныңызды дереу қоя салыңыз, - деп кеңес береді сарапшы.
Ол қауіпсіздік мақсатында ақшаны әр түрлі карталарда ақша ұстаған дұрыстығын, ал негізгі көп ақша интернетте қосымшасы жоқ картада болуы керек деп отыр.  
Интернеттегі сатып алулар үшін жеке карточканы пайдаланған жөн. Оған тек төлем жасайтын кезде ғана ақша адуарып қойыңыз. Көп салудың қажеті жоқ. Жиі сауда жасамаңыз өзіңіздің картаңызды интернет-дүкендерге байламауыңыз керек. Сондай-ақ тауар сатып алған алғаннан кейін картаның интернет-дүкен жүйесінде сақталған-сақталмағанын тексеріп отыру қажет, - деді Бодров.

Ол сондай-ақ SMS хабарламалары үшін ақша үнемдеп қалмау кеңес береді, оның көмегімен рұқсат етілмеген транзакциялар туралы дереу білуге мүмкіндік бар. Сонда сіз төлемді күтпей-ақ картаны дереу бұғаттай аласыз. Банк картасының суретін, мәліметтерін мессенджерлерде сақтап немесе біреуге жіберуге болмайды.


Өзгелердің жаңалығы