Бангладеште жойқын жарылыс болып, 50-ге жуық адам қаза тапты

6 Маусым 2022, 12:00
1059
Бөлісу:
Бангладеште жойқын жарылыс болып, 50-ге жуық адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бангладештегі портта жарылыс болып, 49 адам қаза тапқан. Апат салдарынан 300-ден астам адам жарақат алған деп хабарлайды aa.com.tr. 

Химикаттардың жойқын жарылысы мен өрт Читтагонг портындағы теңіз контейнерлерінің қоймасында орын алған. Дакка астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 216 шақырымда орналасқан Читтагонг қаласында химикаттар салынған контейнерлер сақтайтын порттық қойма болған. 

Өрттен 49 адам қаза тауып, 300-ден астам адам зардап шекті.

Жарылыс мені 10 метрге лақтырып жіберді, қолым мен аяғымды күйдіріп алдым, - дейді жүк көлігінің жүргізушісі Тофаэль Ахмед. 

Бангладештің азаматтық қорғаныс және өрт қызметі  басқармасының басшысы Маин Уддин қайтыс болғандардың қатарында бес өрт сөндіруші бар. 

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, жарылыстық толқынның әсерінен жақын маңдағы ғимараттардың әйнектері  сынған.

Өзгелердің жаңалығы