Бангладеште газ құбыры жарылып, 7 адам көз жұмды

Бангладеште газ құбыры жарылып, 7 адам көз жұмды
1900

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бангладеште газ құбыры жарылып, 7 адам көз жұмды. Бұл туралы Daily Star сайтында хабарланды.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Читтагонг қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған оқыс оқиғадан кем дегенде 7 адам қаза тауып, 15-і жарақат алды. 

Полицияның мәлімдеуінше, жарылыс 5-қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында болған. Адам өліміне алып келген жағдайдың жай-жапсары анықталу үстінде.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы