Бангладеш Республикасының әскери атташесі Қорғаныс министрлігінде болды

1 Мамыр 2024, 16:08
538
Бөлісу:
Бангладеш Республикасының әскери атташесі Қорғаныс министрлігінде болды
Фото: gov.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан қорғаныс ведомствосында Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникиннің Бангладеш Халық Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі жанындағы әскери атташесі авиация коммодоры Мохаммад Хасануззаманмен хаттамалық кездесуі өтті.

Мохаммад Хасануззаман Қазақстанда 2024 жылдың қаңтарында әскери атташе ретінде аккредиттелген.

Тараптар бітімгерлік қызмет пен әскери білім беру мәселелерін қоса алғанда, қорғаныс ведомстволарының екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы