Бангладеш астанасында әуежайдан өрт шықты

Дакка қаласындағы Хазрат Шахджалал халықаралық әуежайының жүк терминалында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 unb.com.bd 18 Қазан 2025 2025, 21:00
18 Қазан 2025 2025, 21:00
729
Фото: unb.com.bd

Дакка қаласындағы Хазрат Шахджалал халықаралық әуежайының жүк терминалында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

United News of Bangladesh басылымы өрт сөндіру және азаматтық қорғаныс қызметінің өкіліне сілтеме жасап, өрттің жүк терминалында тұтанғанын жазады.

Әуежайдың атқарушы директорының өкілі де бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, өрт негізгі жүк қоймасына жақын орналасқан бөлікте шыққан. Аталған аумақта негізінен импорттық тауарлар сақталады.

Өртті сөндіруге 37 өрт сөндіру тобы жұмылдырылған. Сондай-ақ оларға Бангладеш армиясының, Әуе күштерінің әскери қызметкерлері мен Қарулы күштердің екі взводы көмекке келген.

Наверх