Бангкокта наразылық акциясы ұйымдастырылды

18 Қараша 2022, 08:27
776
Бөлісу:
Бангкокта наразылық акциясы ұйымдастырылды

Бангкокта Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті қарсаңында наразылық акциялары ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Көшеге шыққан жұрт Премьер-Министрдің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Сонымен қатар біреуді масқаралайтын мәліметті баспаға жариялау туралы заңның күшін жоюға шақырды.

Осы мәселе бойынша тіпті саммит қатысушыларына хат жолдауға да дайынбыз, - дейді шерушілер.

Айта кетейік, қазір Таиланд астанасында аталған шараға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Оған қатысатын мемлекеттер өңірлік экономикалық интеграцияны талқылайды.

Өзгелердің жаңалығы