Бангкокта Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті қарсаңында наразылық акциялары ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Көшеге шыққан жұрт Премьер-Министрдің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Сонымен қатар біреуді масқаралайтын мәліметті баспаға жариялау туралы заңның күшін жоюға шақырды.
Осы мәселе бойынша тіпті саммит қатысушыларына хат жолдауға да дайынбыз, - дейді шерушілер.
Айта кетейік, қазір Таиланд астанасында аталған шараға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Оған қатысатын мемлекеттер өңірлік экономикалық интеграцияны талқылайды.