Балық шаруашылығында маман тапшы - кәсіпкер

12 Желтоқсан 2023, 14:19
1044
Бөлісу:
Балық шаруашылығында маман тапшы - кәсіпкер
Фото: Арман Мухатов

Бүгін елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге сапа саласындағы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығын табыстаған еді. Осы орайда «Парыз» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымымен күміс жүлдені жеңіп алған «Ost Fish» ЖШС директоры Ерлан Сагидолинмен еліміздегі балық шарушылығының дамуы жайлы сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

- Кәсіпорынның тарихы мен жетістігіне тоқталсаңыз?

Кәсіпорын бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен айналысады. Мекеме 2017 жылы құрылған. Бекіре тұқымдас балықтардың 3 түрін өсіреміз: сібір бекіресі, каспий бекіресі және бестер гибриді. Жойылып бара жатқан балық түрі болғандықтан, соның популяциясын көбейтеміз. Өзіміз жабық циклды кешенде дайындаймыз. Уылдырықтан шабақ өсіріледі. Биыл алғаш рет Ертіс өзеніне сібір бекіресінің шабақтарын жібердік. Бекіре балығын өсірумен Шығыс Қазақстан облысында біз ғана айналасамыз. Қазақстан бйоынша 3-4 мекеме бар. Олардың көбі Батыс Қазақстанда орналасқан.

- Кәсіпорынның өңірге қажеттілігі қаншалықты маңызды?

Біздің кәсіпорынның маңызы өте өзекеті. Өйткені Шығыс, Орталық, Солтүстік Қазақсатн бойынша бекіре балығын өнідеретін мекеме мүлде жоқ. Ертіс өзені сібір бекіресінің мекені болғандықтан кәсіп өте маңызды. Бекіре популяциясының өсуіне үлкен септігі тиеді. Мекемеде 27 тонна балық өсіріледі. Биыл ең бастапқы алған 3 мыңға шабақтарымызды Ертіс өзеніне жібердік. Келесі жылы 200 мыңнан астамын жібереміз деп жоспарлап отырмыз.

- Басқа елдерге сату жоспарда бар ма?

Жоқ. Тек Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай облыстарына ғана өткіземіз деп ойлап отырмыз.

- Балық өсіруде қандай техниканы қолданасыздар?

Балықты жабық циклді кешенде өсіріміз. Бұл жерде қысы-жазы бір температура сақталып тұратындықтан балықтың тезірек өсіп жетілуіне әсер етеді. Мекемеде барлығы автоматтандырылған. 15 адам жұмыс істейді.

- Маман тапшылығы байқала ма?

Иә, мамандар жоқтың қасы деуге болады. Басты балықбегіміз Ресей азаматы. Өйткені елімізде бекіре балығын өсіруге ихтиолог маманы тапшы. Ресейдің Астрахань деген жерінде оқу оқыған маманды елге шықырдық. Осында тұрып, жұмыс істеп жатыр.

- Елімізде кәсіпкерлікті дамыту бойынша қандай баға бересіз?

Балық шаруашылығында көмек енді басталды. Көптеген кәсіпкерлер балық асырауда үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Болашағы да өте орасан зор деп ойлаймын. Балық саласында субсидиялау енді қолға алынды. Әлі де мемлекеттен көмек болады деп ойлаймын.

- Сұхбат бергеніңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы