Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы үй қамаққа алынды

10 Сәуір 2024, 12:42
456
Бөлісу:
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы үй қамаққа алынды

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты іс тергеу үстінде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы журналистермен өткен брифинг барысында Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті.

Агенттік ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол 2021 жылдан бастап 2024 жылдың ақпанында компаниялар қызметіне жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алу бойынша күдікті. Тергеу соты күдіктіге қатысты электронды білезікті қолдана отырып, үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Ол кінәсін толықтай мойындап, тергеуге көмектесуде. Қазіргі уақытта басқа адамдардың қатысы тексерілу үстінде, - деп атап өтті агенттіктің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы