Балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы өндірудің орташа жылдық көлемінен 5 есе артық – министр

10 Маусым 2020, 17:10
1728
Бөлісу:
Балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы өндірудің орташа жылдық көлемінен 5 есе артық – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде экономикада балық шаруашылығы маңызды рөл атқаратынын айтты. 

Былтыр 45 мың тонна балық ауланды. Бұл 2018 жылғы деңгейден 23 пайызға жоғары. Салада 11 мың адам жұмыс істейді. Елімізде балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады. Онда 1 мыңнан астам (1126) адам жұмыс істейді. Тауарлық балық өсіру көлемінің өсуі байқалды. Былтыр 6,9 мың тонна балық өсірілді. Бұл 2018 жылғы деңгейден 19 пайызға жоғары. Осы жылға жоспар – 7,8 мың тонна, - деді ол. 

Министр өткен жылы балықты қайта өңдеу нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн АҚШ доллары болатын 30 мың тонна өнім экспортталғанын айтты. Бұл 2018 жылғы деңгейден 16,6 пайызға артық.

Балық саласындағы өткір проблема балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы. Ол балық өндірудің орташа жылдық көлемінен 5 есе артық. Балық айналымының барлық процесін цифрлау қажет. Балықтарды көлеңкеден шығару салық салу базасын 40 млрд теңгеге арттырады. Каспий теңізінің ресурстарын игеру есебінен отандық нарық көлемін 66-дан 120 мың тоннаға, балық аулау 45-тен 60 мың тоннаға, ал балық өсіру 7-ден 60 мың тоннаға дейін ұлғайтудың жоғары әлеуеті бар, - деді ол. 

Мырзағалиев осыған байланысты қазір министрлік балық саласын ұзақмерзімді дамыту үшін, инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын құруға ықпал ететін саланы субсидиялау бойынша бірқатар заңнамалық шараны пысықтап жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы