Балуан қыздар Испаниядағы турнирде 10 медаль жеңіп алды

«Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде қазақстандық балуан қыздар он медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

23 Сәуір 2023 2023, 14:28
АВТОР
 inform.kz 23 Сәуір 2023 2023, 14:28
23 Сәуір 2023 2023, 14:28
1091
Фото: inform.kz

«Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде қазақстандық балуан қыздар 10 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қуаныш Жақсыбай баптайтын балуан қыздар 8 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді.

Атап айтқанда, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Марқашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.

Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) күміспен күптелді.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы 2-ші орынға көтерілді.

Наверх