Балқаштықтар жылжымалы жұмыспен қамту пунктінің арқасында іс табуда

Бүгiн, 09:35
147
Бөлісу:
Балқаштықтар жылжымалы жұмыспен қамту пунктінің арқасында іс табуда
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Балқаш қаласының 50-ден астам тұрғыны жылжымалы жұмыспен қамту пунктінің арқасында жұмыс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, Балқашта жыл басынан бері жылжымалы жұмыспен қамту пункті жұмыс істейді. Аптасына бір рет мамандар сауда үйлері мен саябақтардың жанындағы алаңдарда жұмыссыз азаматтарға кеңес береді. Жылжымалы пунктте 57 Балқаш тұрғынына жұмыс табуға көмектесті.

Мансап орталығының мамандары қала тұрғындарына "Қоғамдық жұмыстар", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы жұмыс орны", "Күміс жас", "Жастар практикасы" және "Кәсіптік оқыту" жобаларына қатысу шарттары туралы айтып береді. Сондай-ақ, жылжымалы пунктте өз ісін ашуға мемлекеттік грантты қалай алуға болатынын білуге болады.

Балқаштықтар жылжымалы жұмыспен қамту пунктінің арқасында іс табуда

Мамандардың айтуынша, қазір еңбек нарығында дәрігерлер, мұғалімдер, кадрлар жөніндегі инспекторлар, санитарлар, күзетшілер, әртүрлі санаттағы жүргізушілер, медбикелер, бухгалтерлер, тәрбиешілер мен олардың көмекшілері, іс жүргізушілер, аспаздар слесарлар мен қызметтік үй-жайларды тазалаушылар сұранысқа ие, - делінген әкімдік хабарламасында.

Кез келген адам пунктке жүгіне алады. Жұмысқа орналасу үшін жеке куәлігіңіз болуы керек. Егер бар болса, білім туралы диплом және еңбек кітапшасын өзіңізбен бірге алып келсеңіз құпталады.

Жылжымалы пункт аптасына бір рет қала көшелеріне шығады. Ол қайда және қашан қызмет көрсететінін Instagram-дағы @ctm_karaganda еңбек ұтқырлығы орталығының парақшасынан немесе (8-7212) 60-50-50 нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы