Балқаштағы апат: Көпқабатты үйдің құлаған сәті видеоға түсіп қалған

Көпқабатты үйдің құлау сәті жүргізушінің видеорегистраторының камерасына түсіп қалған.

 Балқаш қаласы әкімдігі 19 Ақпан 2026, 14:51
19 Ақпан 2026, 14:51
620
Фото: Балқаш қаласы әкімдігі

Балқашта Қараменде би көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 5-ші кіреберісі (подъезд) құлады. Құлау сәті жүргізушінің видеорегистраторының камерасына түсіп қалған. Қалалық әкімдік оқиғаның мән-жайын жариялап, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылы аталған кіреберісі апатты деп танылып, бұзуға жататын ғимарат ретінде белгіленген. Сол себепті тұрғындар алдын ала көшіріліп, пәтерлері өмір сүруге жарамсыз болғандықтан тұрғын үй кезегіне қойылған.

Құлау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Ғимарат қоршалған, кіру шектелген, инженерлік желілер (электр, жылу, су) қажетті тәртіппен ажыратылды, – делінген әкімдік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта қалалық әкімдік апатты бөліктің демонтажын жүргізіп жатыр. Демонтаждан кейін қалған 4 подъездің тексерісі мен нығайту жұмыстары жоспарлануда.

Әкімдік тұрғындарды тыныштық сақтап, қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх