Балқаш қаласы әкімдігі магистральдық су құбырындағы жоспардан тыс жұмыстарды аяқтағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрметті балқаштықтар, магистральдық су құбырындағы жоспардан тыс жұмыстар аяқталды. Жүйені толтыру басталды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, су құбырындағы апат салдарынан Балқаш тұрғындары сусыз қалды. Қалада магистральдық құбырдағы судың қысымы төмендеді. Онда өшіру клапандары (клапан) ауыстырылды.