Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Ә. Мусин атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде біліктілік орталығы ашылды. Rail Transport Competence Center "Жас маман" республикалық жобасы аясында жүзеге асырылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құзырет орталығы "Темір жолының рефрижераторлы жылжымалы құрамын және вагондарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандығы бойынша оқитын студенттерге тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Ол заманауи құралдармен және жабдықтармен қамтылған. Мұнда интерактивті мультимедиялық кешендер, имитациялық тренажерлер, жұмыс істейтін макеттер бар.
Арнайы пәндердің барлық оқытушылары осы жабдықта жұмыс істеуге оқытылды.
Орталық теміржол саласының жас мамандарын сапалы даярлауды қамтамасыз етуге және осы салада жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Заманауи құзыреттілік орталығының ашылуы – колледжді өз түлектерінің артықшылығы мен табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін инновациялық үлгідегі оқу орны деңгейіне шығаруға жасалған сенімді қадам, – деп атап өтті орталықтың тұсаукесерінде Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.
"Жас маман" жобасы аясында Қарағанды облысында 15 колледж жаңғыртылады.