Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді

20 Мамыр 2024, 10:31
458
Бөлісу:
Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді. 

Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді.

Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды. Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Айта кетейік, трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы