Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйден шықпастан мерекелік концерт ұйымдастырған қарағандылықтар патриоттық флешмобқа қатысты.
Олар өз пәтерлерінің балкондарынан мемлекеттік Әнұран мен Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап патриоттық әндер орындады. Бір сарында болмаса да, көп дауыспен айтылған әндер жүрекке жылу ұялатты.Приканальная 19 үйінің тұрғындары өз әндерімен Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, бір-бірін және барлық қазақстандықты Бірлік күнімен құттықтап, қолдау көрсетті.
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Біздің тұрғындар осындай концерт ұйымдастырып, көңіл-күйлерін көтерді. Барлығына үлкен рахмет! Біздің Қазақстан гүлденсін! Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін, - деді концерт тыңдаушыларының бірі.Осылайша, олар карантин мұңаюға себеп болмайтынын көрсетіп отыр.
Мен Талдықорғаннан келдім. Мен қонаққа келіп, карантинге байланысты осында ұзақ уақыт қалып қойдым. Барлықтарыңызды Бірінші мамыр мерекесімен құттықтаймын. Көршілер тамаша, осындай концерт ұйымдастырды. Оларға көңіл-күй, мереке сыйлағандары үшін рахмет. Бұл пандемия тезірек өтсін! - деп Ақсотке Батырханова тілегін білдірді.Флешмобқа қатысушылардың бірі көршілердің тату тұратынын айтты.
Бізде қазір карантин, бірақ біз үшін бұл қорқынышты емес. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, бір-бірлеріңізге көмектесіңіздер! Ең бастысы, біздің үйдің адамдары өте тату тұрады, - дейді үйдің тұрғыны Людмила Баранова.
Қарағанды патриоттық флешмобты қолдады. Бүгін, 1 мамырда, Көгілдір тоғандар шағын ауданындағы 13-ші үйдің тұрғындары 17.00-де; Тәттімбет көшесі, 13-үй - 18.00-де; Университет көшесі, 25-үй - 19.00-де Қазақстанның әнұранын өз балкондарынан орындайды. Біз біргеміз!