Балқашта жалпы көлемі 18 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр

15 Сәуір 2021, 14:28
2124
Бөлісу:
Балқашта жалпы көлемі 18 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Балқаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 130 отбасы баспаналы болады. Ол үшін қалада 18 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға көп.

2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 120 қала тұрғыны баспаналы болған. Ол үшін мемлекет бюджетінен 14 442 шаршы метр үй салынды. Биыл бұл көрсеткіш артып отыр. Қаладағы баспана мәселесінің қалай шешіліп жатқандығы жайлы қала әкімі өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндаған болатын.

Мемлeкет бacшысы Қасым-Жoмарт Тoқаевтың хaлыққа Жoлдayында көрсетілген міндеттердің бірі - бacпaна мәсeлесі. Азaматтардың әлеумeттік әл-ayқаты eң aлдымен бaспaна жағдайына тікeлей байланысты. Қалада үй кезегінде тұрған адамдардың мәселесі шешілуде. 2020 жылы жалпы көлемі 14 422 шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Өткен жылы 120-дан астам балқаштық баспаналы болды. Биыл бұл көрсеткіш 1,2%-ға артып, 130 қала тұрғыны үйлі болады деп күтілуде. Ол үшін қалада жалпы аумағы 18 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр,- дейді Балқаш қаласының әкімі Ораз Таурбеков.

Сонымен қатар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 42 жалдамалы пәтер салу үшін бюджеттен 330 млн теңге бөлінген. Тұрғындарға жер бөлімдерін беру жұмыстары жалғасын табады. Ол үшін Самал шағын ауданына инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым тарту жұмыстарына биылғы жылы 1,8 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген. Тұрғындарға жеке тұрғын үй салу үшін 100 жер бөлімі берілетін болады.



Өзгелердің жаңалығы