Бәліштің ішіне телефон жасырып тергеу изоляторына кірмек болған

9 Сәуір 2022, 23:50
1764
Бөлісу:
Бәліштің ішіне телефон жасырып тергеу изоляторына кірмек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың тергеу изоляторына бәліштің ішіне телефон жасырып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 мекемесіне 8 сәуірде К.есімді азамат тергеу изоляторына қамаққа алынған А.есімді азаматқа сәлемдеме алып келген болатын. Мекеме қызметкерлерімен сәлемдемені тексеру барысында бәліштің ішіне жасырылған NOKIA ұялы телефоны табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша К.есімді азаматтан түсініктеме алынды. Оның айтуынша, бәліштерді қамаудағы азаматтың таныстары жеткізуін сұраған және бұл бәліштердің ішіне мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттардың бар екенін білмеген.

Ұялы телефонды анықтау және тәркілеу деректері бойынша ҚР АҚК-нің 481-бабына сәйкес жадығаттар жиналып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына іс-құжат жолданды.

Өзгелердің жаңалығы