Балиге бармақшы болғандар алданып қалды

4 Сәуір 2025, 04:27
1645
Бөлісу:
Балиге бармақшы болғандар алданып қалды
Фото: pexels.com

Балиге бармақшы болған отандастарымыз бармағын тістеп, өкініп қалды. Бірнеше қаланың тұрғындары шетелге саяхаттаймыз деп, сатып алған жолдамаларының ақшасын қайтара алмай жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Бір отбасынан миллионға жақын ақша төледі. Екінші отбасы, достарымыздың миллионға жақын сомаға алдандық. Тур алған келіншектер өздері қараған. Авторлық тур. Сосын қайтаруын сұрадық. Соның өзінде "әне қайтарамын", "міне қайтарымын" деп, әлі күнге дейін созғылап жүр. Сондай жағдай, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Олжас Қожаев.

Салтанат есімді келіншектің Балиге саяхат ұйымдастырамын деген авторлық турынан Ақтөбеде 10 шақты адам алданған. Орталық алаңға жиналған олар оны жауапқа тартуды талап етіп тәртіп сақшыларына шағымданған.

Тек Ақтөбеден емес, өзге өңірлерден де шағымданушылар бар. Балиге бара алмай қалғандардың қатарында Алматы мен Астана, Тараз бен Өскеменнің тұрғындары көп. Шағымданушылар қаңтарда жылы жақта демалуды жоспарлағандар. Ақыры не жолдама, не ақша жоқ. Қазір елді алдаған Салтанат есімді келіншекке қатысты іс қозғалды.

Алаяқтық дерегі бойынша туристік агенттіктің иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленші ретінде үш отбасы өтіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруде Ақтөбеде орналасқан туристік агенттік иесі шетелге демалыс ұйымдастырып беруге уәде етіп, олардан алдын ала ақша алған, – дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Өзгелердің жаңалығы