Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балиде жаппай электр қуаты сөнді

3 Мамыр 2025, 02:40
759
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Индонезиядағы Бали аралында шамамен төрт сағатқа созылған жаппай электр қуатының үзілуі тіркелді. Бұл туралы жергілікті Detikbali басылымы аймақтың энергетикалық қызметіне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, ақауға суасты кабелінің зақымдануы себеп болған. Энергетикалық қызметтің қоғаммен байланыс бөлімінің өкілі Аном Силапарта:

Қазіргі уақытта ақауларға байланысты электр қуатының үзілуі байқалады. Біз оны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді.

Электр қуатының үзілуі салдарынан бірнеше бағдаршам істен шығып, жолдарда кептеліс пен қозғалыс қиындықтары туындады.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 28 сәуірде Испания мен Португалияда да тіркелген болатын. Электр қуаты мен байланыс бірнеше ірі қалада – Валенсия, Барселона, Мадрид, Ла-Корунья және Севильяда үзілді. Тіпті Мадридтегі Барахас халықаралық әуежайында да үлкен кідірістер орын алды.

Сарапшылар мұндай ірі ақаулардың себебін электр желілеріне сыртқы әсермен байланыстырады. Испанияда жағдай ушыққан соң Төтенше жағдай режимі енгізіліп, пауэрбанктер бағасы 12 550 еуроға дейін шарықтаған.

Өзгелердің жаңалығы