Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Баласын аямай сабаған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жетісу облысында болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Комитет хабарлағандай, балалар қазіргі уақытта қауіпсіз жерде. Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау ұйымдастырылды.

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңнамада белгіленген тәртіппен ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарайды. Жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Жаркентте 28 жастағы анасы өз баласын аяусыз соққыға жыққанын хабарлаған болатынбыз. Аталған оқиға әлеуметтік желіде тез тарап, резонанс тудырды. Белгілі болғандай, баланың әкесі болған жайтқа араласпай, жанында үнсіз отырып, бәрін телефонға түсіріп отырған.

Жетісу облысының Полиция департаменті кішкентай баласын соққылап, тепкілеп, қолынан тартып, бұрап, аяусыз ұрып-соққан ана қамалғанын хабарлады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы факті бойынша пікір білдірді.

Өзгелердің жаңалығы