Елдегі балалардың 15%-дан астамы күн сайын интернетте жағымсыз контентке тап болады. Мұны Kazakhstan Kids Online зерттеу жобасы көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мысалы өткен аптада Астана тұрғыны туысын өлтіріп, үш адамды жаралаған болатын. Оған зорлық-зомбылық бейне ойындары себеп болғаны анықталды.
Осы орайда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ата-аналарды бақылау құралдарын қолдануға, балаларды гаджеттерді шамадан тыс пайдаланудан, деструктивті ойындардан қорғауға және киберқауіптерге байланысты тәуекелдерді азайтуға шақырды.
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жүргізген Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі туралы "Kazakhstan Kids Online" атты зерттеу әлеуметтік желілер мен ойын платформаларын пайдалану шарттары сақталмайтынын көрсетті.
Көптеген әлеуметтік желілер мен ойын платформаларын пайдалану шарттары 13 жасқа толмаған балалардың жеке аккаунттарының болуына тыйым салады. Нәтижелер әлеуметтік желілер мен ойын платформаларында 9-10 жас аралығындағы балалардың 60%-ының және 11-12 жас аралығындағы балалардың 66%-ының жеке аккаунттары бар екенін көрсетті.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, интернетті қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етудегі ата-аналардың рөлі туралы хабардарлығын арттыру қажет және ата-аналарды ата-ана бақылауы сияқты қолданбаларға қосу үшін кең ауқымды науқан жүргізетін боламыз, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Kazakhstan Kids Online зерттеуі Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірін терең түсінуге бағытталған. Зерттеу балалардың және ересектердің, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақ өкілдерінің мұғалімдеріне сауалнама арқылы жүргізілді.
Бұл зерттеудің нәтижелері бізге Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірінің жан-жақты көрінісін береді. Ұсыныстар балалардың дамуы, оқуы, қарым-қатынасы, бірлескен жұмысы және қауіпсіздігі үшін интернетті және цифрлық өнімдерді пайдаланудағы сауаттылықты арттырудың одан әрі көзқарасын немесе жеке кешенді жоспарын қалыптастыруға, сондай-ақ балаларды желідегі ықтимал қауіптерден қалай жақсы қорғау керектігіне негіз болады деп үміттенеміз, - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің міндетін атқарушы Татьяна Адерихина.
Global Kids Online (GKO) халықаралық жобасына негізделген Қазақстандағы алғашқы зерттеу балалардың желілік ортамен әрекеттесуін зерттейді. Ол цифрлық ортада балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетіп, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы сияқты құқық қорғау құралдарымен берілген ұсыныстарды алға тартады.
Зерттеу нәтижелері балалардың желіде қауіпсіздігін сақтау қажеттілігін және ата-аналар мен мұғалімдерді цифрлық әлемде балаларға қолдау көрсетудің тиімді әдістеріне үйретудің маңыздылығын көрсетеді.