Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Баланы ұрып оқытқан логопедке қатысты тексеріс басталды

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде логопед-оқытушының баланы ұрған сәтін бейнелейтін видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қарағанды полициясы аталған дерек бойынша тексеріс басталғанын және оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталғанын хабарлады.

Материал полицияда тіркелді. 44 жастағы жеке логопед мән-жайды анықтау мақсатында полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша оның әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген заңсыз әрекет - физикалық күш көрсету, психологиялық қысым жасау немесе абыройын таптайтын өзге де қимылдар міндетті түрде объективті құқықтық бағасын алады, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда баланы ұрған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы