Баланы құтқарған бозбала: Қатты қорықтым

24 Шілде 2022, 16:21
1637
Бөлісу:
Баланы құтқарған бозбала: Қатты қорықтым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілдеде Ерасыл Махмұд қонаққа бара жатып, жетінші қабаттың балконындағы баланы байқайды. Бала балконның темір торы арасына қысылып, салбырап тұрған, деп хабарлады Zakon.kz.

Ерасыл Махмұд - 18 жаста, желтоқсанда 19 жасқа толады. Жігіт Алматыда дүниеге келгенімен, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы маңындағы Сарыарқа ауылында ата-әжесінің қолында өскен.

Қазір жігіт Абай атындағы педагогикалық университетте оқиды, дене шынықтыру факультетінің бірінші курсын бітірген.

21 шілдеде ол досына қонаққа бара жатады. Бір сәтте тұрғын үй ауласы абыр-сабыр болып, шу көтерілді. Осы кезде Ерасыл жетінші қабаттағы баспалдақтың торына қысылып, салбырап тұрған екі-үш жастағы баланы көреді.

Мен көзім түскен подъезге қарай асықтым, баспалдақпен тез көтеріле аламын деп ойладым, бірақ ол арада баспалдақ болмай шықты. Мен екінші есікке қарай жүгірдім, баспалдақпен жетінші қабатқа көтерілдім, әрине, бала үшін қатты қорықтым. Келіп жетсем, торға баланың басын ғана қысылып тұр, қалған денесі салбыраулы, бет-аузы көгеріп кеткен. Ауа жетпей жатқаны көрініп тұр, бір уақытта бала есін жоғалта бастады, - деді Ерасыл Махмұд.

Ерасыл баланы босатып алып, көз жасын сүртіп, тыныштандыруға тырысты. Бала аулаға алып шыққанда ол да есін жиды.

Мен оны шамамен 5-10 минуттай қолымда ұстап тұрдым. Содан кейін анасы есік алдына шығып, қолымнан баланы алды. Кейін айғай-шу ортасындағы Ермекбай аға болып жатқан дүниені видеоға түсіріп алыпты, соны маған жолдапты. Өзімді батыр сияқты сезінесіз бе дейсіз бе? Жоқ. Олай ойламаймын. Білесіз бе, "әр мұсылман басқа мұсылманға көмектесуі керек" деген сөз бар. Мен қарызымның бір бөлігін ғана орындадым, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы