Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шеньчжэн қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымдағы алғашқы кезеңі аяқталды.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды, - делінген хабарламада.
Ол аталған қашықтықты 2:13.58 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен.
Турнирде нидарландтық Арно Камминга жеңіске жетті (2:09.00). Күміс жүлдені германиялық Марко Кох иеленген. Әлемдік турнирдің екінші кезеңі 18-19 қаңтар күндері Бейжіңде өтеді.