Баламның өмірі маңыздырақ: Әкім қаңғыбас иттер мәселесін көтерді

6 Қаңтар 2023, 17:19
1241
Бөлісу:
Баламның өмірі маңыздырақ: Әкім қаңғыбас иттер мәселесін көтерді
Фото: автордан

Бұл туралы Ақмола облысы Целиноград ауданы Приречное кентінің әкімі Мейірхат Жанділдин «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Орталық аппаратында өткен мен кенттер әкімдерінің онлайн-кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылдың наурызда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға Президент қол қойғаннан бастап қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынды. Тамыз айынан бастап заң күшіне енді. Заңды қайта қарау қажет шығар. Біреу менімен келісер, біреу келіспес. Өйткені адамның, баланың өміріне қарағанда иттің өмірі алға шығып кеткен сыңайлы. Себебі заңда иттерді атуға болмайтыны, оларды емдеп, қайта босату керектігі қарастырылған. Бірақ ол ортаға қайта барған соң баланы қауып алмасына кім кепіл? Бұл – менің екі баланы тәрбиелеп отырған әке ретіндегі жеке пікірім, - деді мегаполис іргесінде орналасқан ауыл басшысы. 

Баламның өмірі маңыздырақ: Әкім қаңғыбас иттер мәселесін көтерді

Сонымен қатар ол иттерді аулау жұмысы дұрыс жүргізілмейді деп отыр. 

Маған иттің өміріне қарағанда, балаларым мен олардың денсаулығы маңыздырақ. Заңды қайта қарастыру қажет немесе жеке қолдарға – иттерді арнайы аулайтын адамдарға беру керек деп санаймын, - деп атап өтті әкім. 

Ал партия басшылығы мәселені қарастыратындарын айтты. 

Қаңғыбас иттерді қамау бойынша іс-шаралар уақытында өтпей жатыр. Сонымен қатар оны орындайтын мекемелер жауапкершілікпен қарамайды. Бар мәселе осында. Әрине бұл проблеманы біз партия ретінде қарастыратын боламыз, - деді «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Анас Баққожаев. 

Өзгелердің жаңалығы