Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балаларымның жекпе-жегін қарамаймын – Сабырхандардың анасы

Әсел ӘБІЛБЕК
16 Қыркүйек 2025, 11:44
1100
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында боксшы бауырлар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан чемпион атанып, жеңіс сыйлады. Қос бірдей чемпионның анасы балаларының жеңісіне қатысты пікір берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әрине балаларымыздың жетістіктеріне қуанамыз. Бұдан да биік белестерді бағындыруына тілекшіміз. Дені сау, аман болсын! Тіл-көзден сақтасын! Мен әрқашан балаларымның жеңісіне сеніп жүремін, - дейді анасы Меңтай Әсілова.

Анасы ұлдарының жекпе-жектерін қарамайтынын айтты.

Финалды туыстармен бірге қарсы алдық. Бірақ өзім бөлек бөлмеде отырып, тек тыңдадым. Ал қазір екеуі де чемпион атанғанда, сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес,-деді анасы.

Еске салайық, биылғы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 1-орынға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы