Балалармен кездесу үшін Абай облысына барамын – Динара Зәкиева

12 Маусым 2023, 18:16
1473
Бөлісу:
Балалармен кездесу үшін Абай облысына барамын – Динара Зәкиева
Фото: Facebook/dinara.zakiyeva

Бүгін тағайындалған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева эвакуацияланған балалармен кездесу үшін Абай облысына аттанбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол бүгін өзінің Facebook парақшасында жазды.

Бүгін Мемлекет басшысы мені Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындады. Қасым-Жомарт Кемелұлының маған артқан сенімі үлкен жауапкершілік деп білемін. Бұл - балалық шақты қорғау, отбасыларды қолдау саласындағы жағдайды жақсартуға таптырмас мүмкіндік. Бұған бар күш-жігерімді саламын. Қазір жекеме сұрақтар мен ұсыныстар келуде. Ұсыныстарыңыздың барлығын да қарастырамын деп уәде беремін. Әрдайым ашықпын. Осы жерге жеке телефон номерімді қалдырамын. (тел: 8 705 884 70 40) Өтініш, хабарламаны жазба түрінде тек уатсапқа қалдырсаңыздар. Міндетті түрде жауап беремін, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сондай-ақ ол сөзінде бүгін эвакуацияланған балалармен кездесу үшін Абай облысына жол жүретінін жеткізді.

Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен отбасыларға жәрдемақы тағайындау, балаларды оқыту мәселесі бойынша арнайы тапсырма берген болатын. Бүгін өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің балаларымен және эвакуациялық пункттердегі балалармен кездесу үшін Абай облысына барамын. Бала баршамызға ортақ. Бала-бақытымыз. Баланың құқығын қорғау әрқайсымыздың міндетіміз. Әрбір бала ата-анасының бүгінгі жағдайына қарамастан бақытты болуға лайықты. Менің жұмыстағы басты ұстанымым осы,- деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы