Балаларға чип салу керек деген депутат өзіне айтылған сынға жауап берді

9 Тамыз 2023, 18:13
1857
Бөлісу:
Балаларға чип салу керек деген депутат өзіне айтылған сынға жауап берді
Фото: instagram.com/gulzhainadarimova777

Әлеуметтік желіде балаларға чип салу керек деп хайп жасаған павлодардық депутат Гүлжайна Даримова өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен туралы қандай пабликтерде не жариялағаны қызық емес. Адамдардың да пікірі маңызды емес. Мен қолдайтын адамдарым менімен бірге екенін білемін. Мені сайлаушылар мені соңына дейін қолдайды. Тағы да айтамын мені 5 жыл бойы ешкім алып тастай алмайды, - деп жауап берді Даримова Instagram парақшасында.

Кеше павлодарлық мәслихат депутаты Гүлжайна Даримова әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға чип салу керек деп айтқан болатын.

Даримованың пікірінше, балаларды да есепке қойып, кеш сайын қайда екенін біліп отыру керек.

Тексеріс кезінде үйінде болмаса, бірден оларды интернатқа немесе арнайы орталыққа жеткізу керек. Жағдайы төмен отбасынан шыққандар балалар отбасымыз үшін қауіпті. Не үшін олар көшеде емін-еркін жүруі тиіс? Үйінде отырып, фильм көрсін немесе кітап оқысын. Ата-аналарынан тәрбие алсын, - деген еді мәслихат депутаты.

Сондай-ақ ол өзінің Мәжіліс депутаты болғысы келетінін айтады. Егер Мәжілісмен болса зорлық-зомбылық пен буллинг құрбаны болып жатқан балалардың мәселесін ашық көтеретінін мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе жалғыз өзі ғана қозғап отыр.

Өзгелердің жаңалығы