Балалардың күлімдеген жүзін көру бір бақыт

31 Тамыз 2022, 16:03
1070
Бөлісу:
Балалардың күлімдеген жүзін көру бір бақыт
PHOTO

Мектепке қамдану – күрделі де шығынды кезең. 1 қыркүйекке орайластырылған қайырымдылық акциясы аясында «Астана Опера» осындай күрделі істе елорданың аз қамтылған және көп балалы отбасыларына қол ұшын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Театр еріктілері бақытты оқушыларға сыйлықтарды өз қолдарымен табыстады. 

Балалардың күлімдеген жүзін көру бір бақыт

 Балалар жылында өскелең ұрпаққа ерекше назар аударып отырмыз. Баланы мектепке әзірлеу – кез келген отбасы үшін маңызды оқиға. Өкінішке қарай, көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін бұл ауыртпалық тудыратын іс-шара. Осы жағдайды саналы түрде ұғына отырып, «Астана Опера» еріктілері қалыс қалмай, мектепке қажетті кеңсе және басқа тауарлардан, сондай-ақ мұқтаж жандарға арналған азық-түлік жиынтығынан тұратын арнайы бокстар жинақтады.  Мұндай қолдаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз, өмірлік қиындықтар көріп жүрген адамдарға шынымен жанымыз ашиды және жаңа оқу жылына дайындалуды жеңілдетуге тырысамыз, сондай-ақ барлығын жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуге шақырамыз, себебі бұл мәселе қашан да көкейтесті болып қала бермек, – дейді «Астана Опера» директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева.

«Астана Операның» сыйлық жиынтықтарына ең қажетті мектеп жабдықтары: арқа қоржындары, дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, сызғыштар, қаламсауыттар, бояулар, ермексаз бен әр балаға қажетті басқа да заттар енген. 

Балалардың күлімдеген жүзін көру бір бақыт

Бізді қайырымдылық жасау шабыттандырады, себебі біз адамдарға көмектесу мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін шынайы қуанамыз, олардың эмоцияларын көреміз, әсіресе сыйлықтарды қызыға көріп жатқан балалардың күлімдеген жүзін көру бір бақыт , - деп атап өтті еріктілер.      

Қайырымдылық қызметі театр өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын және тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратынын атап өткен жөн. Ол белгілі бір бағытпен немесе формамен шектелмейді. «Астана Опера» қызметкерлерінің назарында тұрғындардың түрлі топтары қамтылған: аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Балалардың күлімдеген жүзін көру бір бақыт

Мысалы, Жеңіс күні қарсаңында еріктілер елордалық ардагерлерде қонақта болды, ал Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні «Астана Операда» аутистік спектрі бұзылған балалар қатысқан қайырымдылық концерті өтті.

«Астана Опера» филантропиялық өнер көрсетулер мен акциялар ұйымдарумен қатар, нақты мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсетіп, азық-түлік, медициналық заттар мен аса қажетті тұрмыстық тауарларды олардың үйлеріне жеткізіп береді.

Өзгелердің жаңалығы