Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мерекелік жоспарда мектеп жасындағы балаларға арналған интернет байқаулар, акциялар, челлендждер бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық білім басқармасында балалардың мерекесі қалай өтетіні туралы айтылды.
1 маусымда "Барлығы балалар үшін" атты республикалық акция өтеді. Аталған шара #NS_balalarkuni_bilim хештегі бойынша онлайн форматта ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, Халықаралық балаларды қорғау күні аясында білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту бағдарламасы кезінде мектеп жасындағы балаларға арналған интернет байқаулар, акциялар, челлендждерді қамтитын іс-шаралар жоспары әзірленді. Интернеттегі дереккөзге сілтеме жасай отырып барлығы 65 шара өткізу көзделген. Instagram желісінде күні бойы балалар писхологы, ішкі істер органдарының өкілдері, білім саласының мамандары, заңгерлер және ҮЕҰ қатысуымен тікелей эфир өтеді. Онда ата-аналар мен балалар қажетті кеңес пен құқықтық көмек ала алады.
Қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы және "SOS Детская деревня Астана" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік бағдарлама қойылады: "Цветик-семицветик" концерттік бағдарламасы, "Цветочный переполох" шығармашылық байқауы (костюмдер дефилесі, балалар жасаған флористикалық өнер көрсетілімі), интеллектуалды жарыс, "Картинаны боя" байқауы, асфальтта сурет салу жарысы, спорттық жарыстар мен көңілді ойындар, автограф PARTY және фотоссесия, сондай-ақ балаларға арналып дастархан жайылады.
Карантинге байланысты қонақтар қатыстырылмайды.