Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балаларды интернеттегі қауіптен қорғаудың жаңа шаралары әзірленуде

Бүгiн, 19:18
102
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

2025 жылы Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар мен БАҚ-қа қатысты заң жобаларын әзірледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, ұсынылып отырған шаралар ақпараттық кеңістікте заңсыз контенттің таралуын азайтуға бағытталған. Арнайы көңіл балаларды желіде таралатын деструктивті ақпараттан қорғауға аударылған.

Бұл жұмыс ақпараттық кеңістікте заңсыз контенттің таралуын азайтуға бағытталған. Онлайн-платформалар әкімшілігінің және әлеуметтік желілердегі анонимді пайдаланушылардың жауапкершілігі күшейтіледі. Сондай-ақ балаларды онлайн-платформаларда таралатын деструктивті контенттен қорғау ұсынылады, - деді Аида Балаева.

Министр Қазақстанда аудиовизуалдық платформаларды заңнамалық реттеу алғаш рет енгізіліп отырғанын атап өтті.

Атап айтқанда, енді Қазақстан аумағында мұндай қызметті жүргізу үшін тиісті лицензия алу қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы