Балалар жылы. Бір жылда 6 мыңға жуық әлеуметтік желі материалдары бұғатталды

22 Желтоқсан 2022, 15:38
1211
Бөлісу:
Балалар жылы. Бір жылда 6 мыңға жуық әлеуметтік желі материалдары бұғатталды

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңынан келген мамандар мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі балалар біраз уақытын интернетте өткізіп, кеңістіктен еркін ақпарат алып отыр. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, ата-аналардың 71%-ы балаларды тәрбиесінде балалрдың гаджетке, әлеуметтік желілерге тәуелді екенін үлкен мәселе екенін айтады. Осы мәселені ескере отырып, гранттық қаржыландыруда жастар мен балалардың интернетке тәуелдік пен құмар ойындардың алдын-алу әлеуметтік жобасы іске асырылды.

Жобаның мақсаты – жастарды интернет кеңістікке қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету, интернетке тәуелдік пен құмар ойындарының алдын алу болып табылады. Жоба аясында жастар мен балалар арасында сауалнама жүргізіліп, өңірлерде үйлестірушілер тағайындалды. Ақпараттық курстар мен түсіндірмелі бейнероликтер түсірілді, – дейді Қайрат Дүйсембайұлы.

Мониторинг нәтижесінде бұғаттауға ұсынылған 16 сайт анықталды. Сондай-ақ, министрлік әлеуметтік жобаларды мониторинг жұмыстарын жүргізген.

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында сөз алған Қанат Ысқақов республика бойынша тыйым салынған, бұғатталған материалдар туралы айтты.

Ақпараттық қолдауда уәкілеттік орган ретінде, әлеуметтік желілерді мониторинг ретінде жұмыстар атқарды. Жастардың санасын улайтын есірткі, суицид секілді іс-әрекеттерді насихаттайтын 6 мыңға жуық материал анықталып, бұғатталды, – деп атап өтті ол.

 Балалар контентін дамыту – ұрпақ тәрбиесіне аса маңызды. Сондықтан осы тұрғыда қатаң қадағалаудың болғаны маңызды екенін айтқымыз келеді.  Мамандардың сөзінше, қазіргі таңда ірі әлеуметтік платформалармен іс-әрекет орнатылып, олардың басшылары осы бағытта жұмыс жасауға әзір екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы