Бүгін Астанада еліміздің барлық өңірінен келген 7-14 жас аралығындағы жас ақындар, жазушылар, блогерлер, суретшілер, артистер мен спортшылар бір алаңға жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Астанада еліміздің барлық өңірінен келген 7-14 жас аралығындағы жас ақындар, жазушылар, блогерлер, суретшілер, артистер мен спортшылар бір алаңға жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жас таланттар биыл ғылыми жобалар дайындап, кейбірі ерлік танытып, түрлі жарыстарда ерекшеленді.
Бүгін біз оқуда, спортта, өнерде және басқа да салаларда ерекше көзге түскен жас патриоттарды марапаттай отырып, балалар жылын қорытындылаймыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз еліміздің мақтанышы және болашағысыздар. Мемлекет балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, зияткерлік мүмкіндіктерін іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатыр. Сіздерге толағай табыстар тілеймін, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, бүгін республикалық таланттар байқауының қатысушылары марапатталды. Үздік жұмыстардың авторлары ноутбуктер мен басқа да бағалы сыйлықтарға ие болды.
Барлығы 10 номинация бойынша 30 жеңімпаз анықталды: