Бұл туралы бүгін Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отбасылық құндылықтарды нығайту, жас отбасыларды қолдау, жиі кездесетін проблемаларды шешуде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кешенді жұмыстар істеп жатыр. Министрлік тарапынан жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп отырды. Осы жыл бұл байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысты.
Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов Балалар жылында ұйымдастырылған шаралардың бірі ғана дейді.
Балалар жылында отбасылық құндылықты дәріптейтін, әкенің рөлін айқындайтын әкелер форумы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалған болатын. Жоба аясында биыл 33 жеңімпазға 3 млн теңгеден грант берілді, - деп атап өтті ол.
Ол сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, әлеуметтік шараларды да жүргізілгенін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналарына жеке психологиялық көмек көрсетіліп, 100 ден астам ата-анаға кеңестер берілгенін айтты.