Балалар үйінің ғимараты бизнесмендерге сатылғаны рас па?

Бөлісу:
Балалар үйінің ғимараты бизнесмендерге сатылғаны рас па?
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының №1 балалар үйінің ғимараты мен жері бизнесмендерге сатылып, тәрбиленушілер Қонаев қаласына көшірілетіндігі жайлы ақпарат тараған еді. Осы ретте, Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі Алматы облысының білім басқармасына хабарласып жердің кімге тиесілі екенін анықтады.

Күні кеше Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесу барысында қалада білім алып жүрген тәрбиеленушілер өздеріне үйреншікті ортада оқуын жалғастыратыны, ал жаңадан қабылданатын балалар Қонаев қаласына орналастыны айтылды.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ғимарат пен жердің жекеменшікке сатылғанын Алматы облысының білім басқармасы жоққа шығарды.

Басқарма әлеуметтік желілерде тараған жер учаскесінің аффилиирленген тұлғаларға сатылуы туралы қауесетті жоққа шығарады. Балалар үйінің ғимараты мен жер Алматы облысына тиесілі, ­- деді Алматы облысының білім басқармасы.

Қазір білім алып жатқан тәрбиеленушілер өсіп, оқу бітіргенен кейін ғимаратқа не болады деген сауалымызға басқарма жауап қайтармады.

Осы ретте айта кету керек, облыста басталған жаңа балалар үйінің құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы ауданы 4000 шаршы метрді құрайтын заманауи ғимарат 240 орынға есептелген. Онда жайлы тұрғын бөлмелер, оқу сыныптары және демалыс аймақтары қарастырылған.

Жақын маңда 900 орындық мектеп орналасқан, ал балаларды тасымалдау үшін арнайы автобус бөлінеді. Кешеннің ашылуы жаз айларына жоспарланған.

Бұдан бөлек, жаңа ғимараттың бір бөлігі инфрақұрылымдық мәселелерге тап болған Нүсіпбаев атындағы интернатқа беріледі. Сондай-ақ, ғимараттың бір корпусы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (КТБО) қажеттіліктеріне жұмсалады, бұл облыстың әртүрлі аймақтарынан келген балаларды басқа қалаларға ауыстырмай, бір жерде орналастыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы