Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар үйінің 90 тәрбиеленушісіне Аяз атамен, сыйлықтармен және ертегі кейіпкерлерімен мереке ұйымдастырылды.
Әкімдіктің және «Жас Сарбаз» қозғалысының өкілдері Ақкөл қаласындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады.
Олар елордадан сыйлықтар, тәттілер мен концерттік бағдарлама әкелді.
Жаңа жыл - таңғажайып мереке. Біз балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға сүйіспеншілігіміздің бір бөлігін беріп, жылдың басты мерекесін одан да қуанышты және мейірімді етуге шешім қабылдадық. Бүгін біз «Жас Сарбаз» қозғалысымен бірге ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастамасымен балалар үйіне келіп, жаңа жылдық іс-шара өткіздік. Біздің басты мақсатымыз - балалардың шынайы күлкілерін есту. Жаңа жылдық қызықтар жалғасын таба берсін, - дейді әкімнің бас инспекторы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияс хатшысы Мөлдір Бөлебаева.
Сонымен қатар, Балалар үйінің 90 тәрбиеленушісіне Аяз атамен, сыйлықтармен және ертегі кейіпкерлерімен мереке ұйымдастырылды.
Мен балалардың атынан Нұр-Сұлтан әкімдігіне және «Жас Сарбаз» ұлттық қозғалысының өкілдеріне алғыс айтамын. Балаларға жүректеріңіздің бір бөлігін сыйладыңыздар. Балалар үйіне көптеген қонақ келеді, олар көптеген сыйлық береді. Бірақ бүгінгі ұйымдастырған іс-шара оларға үлкен қуаныш сыйлады. Сіздерге үлкен жетістіктер тілейміз, - дейді Ақкөл қалалық балалар үйі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ботагөз Қазбекова.
Естеріңізге сала кетейік, «30 игі іс» акциясы аясында еріктілер ерекше және толық емес отбасылардың балаларын да құттықтайды. 26 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтанда 400-ден астам бала Аяз атаға бара алады.