Балалар туристік пойызы жаңа саяхатқа аттанады

31 Мамыр 2019, 20:24
1943
Бөлісу:
Балалар туристік пойызы жаңа саяхатқа аттанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Туған Елге Саяхат» балалар туристік пойызының алғашқы сапары басталады. 

Жобаның қатысушылары елордада жиналып, еліміздің әдемі тарихи орындарына саяхатқа аттанбас бұрын, қызыққа толы екі күн өткізеді, деп хабарлайды «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Корпоративтік коммуникациялар департаменті.

Жаздың бірінші күні балалар туристік пойызының үш кезеңінің алғашқы  кезеңі басталады. Бұл күні бүкіл Қазақстаннан 200-ден астам мектеп оқушылары елордаға жиналып, онда топтарға бөлінеді, тәрбиешілермен  кездесіп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларға және аниматорлармен ойын-сауық іс-шараларына қатысады: флэш-мобтар, жарыстар, спорттық іс-шаралар және т.б.

2 маусым қатысушылар «Нұр Әлем» болашақ мұражайына барады, Бәйтерек, «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасын, астананың спорттық және мәдени сарайларын көріп, қала ішін екі деңгейлі автобуспен аралайтын болады. Сол күні кешке пойыз осы жылғы алғашқы саяхатына жолға шығады. Пойыз сапарға аттанбас бұрын балалар перронда флешмоб ұйымдастырады. 

Тоғыз күндік саяхат бағдарламасы негізгі қалалар мен барлық сапар барысында  көптеген шығармашылық, интеллектуалдық және тынығу шараларымен қанықтырылған. Балалар күндерін жаттығумен, ұрандармен және таңғы аспен бастайды. Күннің қалған бөлігінде балалар түрлі шығармашылық, музыкалық, интеллектуалдық үйірмелер мен ағылшын тілі курстарына қатысады.  

Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш қалалары кіреді. Жобаның алдыңғы маусымының қатысушылары балалар экскурсиялық пойызының туған жердің керемет тарихи орындарын көріп, көптеген жаңа дос табуға үлкен мүмкіндік екенін ерекше атап өтті. 

«Туған елге саяхат» жобасы 2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, жоба балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған. Жоба қатысушыларының қатарына «Самұрық-Қазына» АҚ шалғай өңірлерде орналасқан өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының 500 баласы, қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала және шығармашылық байқау жеңімпаздары – 50 бала кіреді.

Өзгелердің жаңалығы