Балалар тамағының қорабына есірткі салып тасымалдағандар ұсталды – Алматы

12 Тамыз 2022, 01:42
1487
Бөлісу:
Балалар тамағының қорабына есірткі салып тасымалдағандар ұсталды – Алматы

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 24 келіге жуық. Бұл әрекеттер халықаралық сәлемдемелерді тексеру кезінде анықталған.

Қаскүнемдер есірткіні жеткізудің түрлі әдісін қолданып жатыр. Олар есірткі заттарын тұрмыстық техникамен, ойыншықпен, балалар тамағына арналған ыдыстармен және басқа да заттармен тасымалдауда.

Тек 2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Алматы қаласының Әуе көлігі прокуратурасының үйлестіруімен есірткі заттарын жеткізудің 23 әрекетінің жолын кесті. Өткен 2021 жылы есірткі заттарын Қазақстанға әкелудің 14 фактісінің жолы кесілген.

2022 жылдың тамыз айында «Жетісу» кеден бекетінде халықаралық почта жөнелтілімдері учаскесінде «Rapiscan» кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану жолымен сәлемдемеге кедендік бақылау жүргізу кезінде есірткі заттарына күдікті сәлемдеме ұсталды. Сәлемдеме Одессадан Алматыға бағытталған. «TruNarc» портативті анализаторының мәліметтері бойынша, 200 «MDMA» таблеткалары мен 5 грамм ұнтақ мөлшеріндегі есірткі заттар «Экстази» және «Кокаин» болып шықты, олар балалар тамағының ішінде жасырылған, – делінген хабарламада.

Барлық материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Өзгелердің жаңалығы