Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балалар Қапшағай су қоймасына батып кете жаздады

27 Маусым 2025, 14:29
689
Бөлісу:
 BAQ.KZ  жасанды интеллект
Фото: BAQ.KZ жасанды интеллект

Қапшағай су қоймасында екі бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында балалар суға батып кете жаздаған. Құтқарушылар жағалаудан шамамен 80 метр қашықтықтағы 7-ші қалалық жағажайды  патрульдеу барысында суға батып бара жатқан 2012 және 2009 ж.т. екі баланы көріп қалған. Олар суға шомылу кезінде қауіпсіз аймақтан жүзіп шығып, өздігінен қайтып жағаға шыға алмай жатқан. 

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері дереу келді. Олар құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарын пайдалана отырып, балаларды жедел түрде жағаға жеткізді. 

ТЖМ еске салады: 

Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз; 

Қайықпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз; 

Ауа райы жағдайы мен желдің күшін қадағалаңыз; 

Е️ске салайық, бұған дейін Ұландықтар өзенге батып бара жатқан адамды құтқарды. 

Өзгелердің жаңалығы