Балалар мен әйелдерге зорлық көрсеткендер өлім жазасына лайық – депутат

11 Қыркүйек 2019, 14:22
2207
Бөлісу:
Балалар мен әйелдерге зорлық көрсеткендер өлім жазасына лайық – депутат
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерді өлім жазасына кесу керектігін айтты.

Депутат әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету, әйел зорлау, әсіресе жас балаларды зорлау аса ауыр қылмыс екенін айтып, оларды жасаған адамдарды өлім жазасына кесу керектігін айтты. 

«Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету, әйел зорлау, әсіресе жас балаларды зорлау, болмаса оларды ұрлау, адам ұрлау мәселелері бұл ауыр қылмыстың қатарына жатады. Сондықтан біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке қарай бұларға берілетін жаза әлі де болса жеңілдеу. Біз бір топ сенаторлар алдыңғы жылы осы мәселені көрерген едік. Ауыр қылмыстың қатарындағы қылмыстарға өлім жазасын беру керектігі туралы айтқан едік. Өкінішке қарай, ұсынысымыз қолдау таппады. Парламент мүшесі ретінде, балаға, әйел, қыз балаларға жасалатын ауыр қылмыстарға біз өлім жазасын беруіміз керек», - деді депутат.


Естеріңізге сала кетейік, елімізде балаларды зорлағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда. 

Өзгелердің жаңалығы