Балалар құқығын қорғау саласындағы заңдар үлкен өзгерісті бастан кешірді

31 Мамыр 2021, 18:15
5870
Бөлісу:
Балалар құқығын қорғау саласындағы заңдар үлкен өзгерісті бастан кешірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы екі жылда балалардың құқығын қорғау саласындағы заңдарға 83 өзгертулер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және Ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.

Оның айтуынша, елімізде балалардың құқығын қорғау туралы заң үлкен өзгерісті бастан кешірді. Оның барлығы балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Жолдауында осы мәселеге баса назар аударған болатын.

Қала мен аудан деңгейінде балалар құқығын қорғауға бағытталған 228 аймақтық комиссия жұмыс істейді. Өткен жылдан бері білім сапасын бақылау бөлімі басшыларының орынбасарлары балаларды қорғау мәселесіне араласа бастады. Бұл 17 өңірдегі 17 маман бұған тікелей жауапты деген сөз. Сонымен қатар балаларды қорғау және қамқорлыққа алу орталықтары бар. Бұл бағытта 130 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Бұл мекемелерде балалар құқығын қорғауға жұмылдырылған мамандар жеткілікті деп санаймын, - деді ол.

Комитет төрағасы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін балалар құқығына қатысты барлық халықаралық құжаттарды ратификациялағанын атап өтті. Солардың алғашқысы - Балалар құқығы туралы конвенция.

Өзгелердің жаңалығы