Балалар арасындағы аурулардың алдын алуға күш саламыз – Ажар Ғиният

28 Ақпан 2022, 15:38
1244
Бөлісу:
Балалар арасындағы аурулардың алдын алуға күш саламыз – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. 

Оның айтуынша, еліміздегі ересектер мен балаларға арналған профилактикалық тексерулердің тізбесі кеңейтіледі. 

Министр еліміздің ауыл тұрғындарын профилактикалық тексерумен қамтудың ерекше маңыздылығын алға тартты. 

Қазіргі уақытта үш негізгі жас тобы 18-29 жас, 30-44 жас, 45-65 жас бойынша ересек халықты профилактикалық тексеру пакеттерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар бүгінгі таңда белгілі бір жас топтары үшін қажетті диагностикалық қызметтердің көлемі және сәйкесінше қажетті қаражатты есептеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Бүгінде қала мен ауыл тұрғындары арасында профилактикалық тексерулердің қол жетімділігінде дисбаланс орын алғаны баршаға мәлім. Осыған байланысты ағымдағы жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексеру пакеттерін, оның ішінде бірінші кезеңде ауылдық медициналық пункттер базасында енгізу жоспарлануда, - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі балалар арасындағы аурулардың алдын алуға күш саламыз деп отыр. 

Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде министрлік алдын алуға ерекше назар аударатын болады, өйткені ересек халықтың денсаулығының негіздері мен болашақ ауруларының алғышарттары дәл балалық шақта қаланады. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан зерттеулердің ағымдағы көлемін ескере отырып, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілетін болады, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Айта кететін жайт, қазіргі уақытта пакеттерді түпкілікті қалыптастыру, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және профилактикалық тексерулерді қаржыландыру бойынша тиісті есептер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, мектеп медицинасын жетілдіру шеңберінде жаңа стандарт енгізіледі. Бұл оқушыларды кәсіптік қарау тәсілдерін жүйелеуге және АІЖ, тірек-қимыл аппараты, көз ауруларын ерте анықтауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы