Балалар алаңқайы, спорт алаңдарында жүргендер жауапкершілікке тартылады

14 Сәуір 2020, 14:24
2118
Бөлісу:
Балалар алаңқайы, спорт алаңдарында жүргендер жауапкершілікке тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында қалада журналистердің қызмет бабымен жүріп-тұруына қатысты пікір білдірді.

Алдымен, "жасыл дәліз" реестріне енгізу үшін әкімдіктің жедел-штабына тапсырыс беруі шарт. Бұл ереже басқа да тұрғындарға қатысты. Бұған дейін де аса қажет болмаған жағдайда далаға шығуға рұқсат жоқ екенін талай айттық, айтып та жүрміз, - деді ол.

Ержан Сәденов  тұрғын үйлердің шатырына шығып, серуендеп жүрген тұрғындарға қатысты заң нормалары аясында шара қолданылатынын ескертті. Бұл шаралар балалар алаңқайы, спорт алаңдарына да қатысты қолданылады.
Карантин кезінде балалар алаңқайы, спорт алаңдарында серуендеуге тыйым салынған. Біз қала әкімдігімен бірлесе отырып, барлық балалар, спорт алаңдарын лентамен орап, бұл жерде жүруге болмайтыны жазылған арнайы белгі орнаттық. Сондықтан, мұндай жерлерде жүргендер жауапкершілікке тартылатын болды. ҚР ƏҚБтК 476-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады немесе 15 тәулікке қамалады. Азық-түлік алу мақсатында ірі супермаркеттерге сағат 22.00-ге дейін тіркелген такси қызметін пайдалануға болады, - деді департамен басшысы. 

Сондай-ақ, ол карантин режимін бұзғандар туралы хабарлаған азаматтарға  алғыс білдірді.
Халық жағдайды көріп отыр, өздерінің азаматтық позициясын көрсетуде. Бұл біздің жұмысымзға үлкен септігін тигізуде. Егер заңбұзушылық байқалса, біз тексереміз, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы