Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінің қорытындысында әлеуметтік желідегі парақшасын неге көбінесе орысша жүргізетінін түсіндірді.
Әлеуметтік желіні өзім жүргіземін. Халыққа түсінікті болу үшін ойымның түпнұсқасын орыс тілінде жеткізетінім рас. Бірақ бұл менің мемлекеттік тілге деген құрметіме әсер тепейді. Мемлекеттік тіл - менің ана тілім. Мені әлдилеп өсірген әжемнің тілі. Ана тілі мен үшін өте қасиетті ұғым, - деді министр.
Балаева министрлік тарапына көптеген сын түсетінін айтты.
Қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіндердің тілі телидадар арқылы қалыптасады деп айтып жатады. Олардың тілі орыс тілінде шығып, ағылшын тілін үйреніп жатыр деген пікірлер бар. Ана тілін білмей қалады деген мәселе көтерілуде. Бұл бағыттағы жұмысты күшейтеміз. Өзіміздің бірқатар жоспарымыз да бар. Жұмыстың нәтижесін кейін өздеріңіз көресіздер деп ойлаймын, - деді министр.